Сурет: diapazon.kz
"Гарант 24 Ломбард" пирамидасына қатысты айыпталушылар үйқамаққа алынды. Ақтөбеде былтыр маусымда "Гарант 24 Ломбард", "Выгодный займ" және басқа да қаржы пирамидаларының айыпталушыларына қатысты сот басталған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, қылмыстық істе 3786 том бар. Соттан барлығы 17 мың 268 жәбірленушіден жауап алуы керек. Сотталушылар саны - 48 адам, олардың 31-іне бұлтартпау шарасы тағайындалған. Бірақ ҚІЖК нормалары бойынша, сот бұл бұлтартпау шарасын бір жылдан аса уақытқа ұзарта алмайды.