Фото: Polisia.kz
Ақтөбеде тұрғын үйлердің бірінің маңынан екі адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 сәуір сағат 01:48 шамасында Жедел басқару орталығының 102 пультіне "Ақтөбе Ажары" 112 тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабатынан адам құлағаны туралы хабарлама келіп түскен.
"Оқиға орнына келген патрульдік полиция қызметкерлері үйге кірер есіктің алдында екі әйелдің денесін тапты. Полицейлер мәйіттердің жеке басын анықтады, олар 31 және 56 жастағы әйелдер екені белгілі болды. ҚР ҚК-ның 105-бабы 2-бөлігіне сәйкес соталды тергеу жұмыстары жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Оқиғаның себептері анықталып жатыр.