04 қаң, 2023 сағат 13:45

Ақтөбеде әйелді қоқыс контейнері басып қалған

© Photo: Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі

Ақтөбеде үстіне қоқыс контейнері құлаған әйел адам көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

ІІМ мәліметінше, Ақтөбеде 1 қаңтарда "102" телефонына "103" операторынан Сәңкібай батыр даңғылындағы үйдің ауласында адамға қоқыс жәшігі құлағаны туралы хабарлама келіп түскен.

Жедел-тергеу тобы контейнерді тиеу кезінде КамАЗ көлігінің көтергіш механизмі бұзылып, металл қоқыс контейнері ЖШС-нің 38 жастағы қоқыс жинау қызметкеріне құлағанын анықтаған. 

Бірнеше сағаттан кейін әйел алған жарақаттарынан қаланың Көпсалалы облыстық ауруханасында қайтыс болды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 156-бабы 3-бөлігімен "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" сотқа дейінгі тергеу басталды.