18 қаң, 2018 сағат 10:28

Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адам мерт болды

Самара-Шымкент тасжолында автобус өртеніп, 52 адам қаза болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбеде Өзбекстан азаматтары мінген автобус өртенді.

«Алдын ала мәлімет бойынша, бүгін Астана уақытымен сағат 10:30-да Ырғыз ауданының Қалыбай ауылына жақын маңда автобустан өрт шықты. «Икарус» маркалы автобус ішінен шыққан өрт салдарынан 52 жолаушы көз жұмды. 5 жолаушы өрттен шығып үлгерген. Олардың барлығы Өзбекстан азаматы. Оқиға орнына өрт сөндіруге арналған 2 техника мен 8 адам жіберілді. Бұл жер облыс орталығынан 320 шақырым қашықтықта орналасқан», - деп хабарлайды Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық ТДЖ мен облыс әкімінің орынбасары жедел штаб құрды. Жедел желі іске қосылды. Оқиға орнында полиция, құтқарушылар мен психологтар, дәрігерлер жұмыс істеп жатыр.