01 қаз, 2019 сағат 16:15

Ақтөбеде ауылдасын өлтірген мектеп оқушысына сот үкімі шықты

Ақтөбеде мұз айдынындағы төбелес кезінде сотталушы Асылбек Сабыр ауылдасы Мирасбек Дәулетиярды өлтіріп алды. Бүгін оған сот үкімі оқылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сотталушы Асылбек Сабырға Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша айып тағылған болатын.

«Асылбек Сабыр Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша айыпты деп танылып, оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленсін. Сотталушының заңды өкілінен материалдық залал ретінде 1 618 030 теңге, моральдық зиян ретінде 3 000 000 теңге өндірілсін», - деді судья Асылбек Сабыр.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, 2019 жылдың қаңтар айында Ақтөбе облысының Шалқар қаласында болған екі оқушы арасындағы келіспеушілік қайғылы жағдаймен аяқталған болатын.