Бүгін Ақтөбе қаласында «Астана» саябағы салтанатты түрде ашылды. Оған Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, қала әкімі Ілияс Испанов, ҚР Парламентінің депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер және қала тұрғындары қатысты.
Елордамыздың 20 жылдығына орай «Астана саябағы құрылысы» нысанына капсула салынған еді. Құрылыс жұмыстары үстіміздегі жылдың тамыз айының соңында басталды және проект бойынша құрылыс мерзімі 6 айды құрайды. Нысанды қаржыландыру «Парыз» қоры және Астана қаласының қоры есебінен жүргізіліп отыр. Құрылыс-монтаж жұмыстарының жалпы құны – 466 млн теңге. Бас мердігер – «Мерей Билдинг Групп» ЖШС.
«Астана» саябағы орталықта орналасқан, саябақтың оңтүстік бөлігі Әбілқайыр хан даңғылымен, шығыс беті «Нұр Ғасыр» мешітімен, солтүстігі Неке сарайы аумағымен шектеседі. Саябақтың Әбілқайыр хан даңғылына шығатын жағының ұзындығы – 210 метр, оңтүстік бағытының ұзындығы да сол шамада. Саябақтың жалпы алаңы 4,3 га құрайды.
«Астана» саябағы ауқымды жасыл саябақ кешенінің интегралды бөлігі болып табылады. «Астана» атын иеленетін бұл саябақты жоспарлау кезіндегі негізгі міндет — саябаққа келетін тұрғындар мен қала қонақтарының бұл саябақ Қазақстанның астанасына арналғанын сезінетіндей етіп жасау.
Саябақтың функционалдық зоналары:
-Кіреберіс тобы
-Орталық ядро
-Ландшафттық зона
Кіреберіс топтарында екі стелла тұрады, бұл стеллалар Хан шатыры түріндегі ғимаратты елестетеді және «Астана» саябағы деген жазу болады.
Саябақтың орталық аллеясы арқылы келушілер саябақтың басқа бөлігіне өтеді.
Орталық ядро екі оппозитті төбеден тұрады және онда 3D Астананың түрлі-түсті панорамасы болады. Сондай-ақ бұл жасыл қабырғаға қарсы үлкен жасыл ашық амфитеатр орналасады. Бұл амфитеатрдың сыйымдылығы –100-120 орындық шамасында. Бұл ядроның негізгі факторларының бірі — онда қоғамдық шаралар, қалалық мерекелер, жәрмеңкелер, әрине, Астананың туған күні өткізіледі.
Астананың 3D Панорамасында астананың барлық маңызды, белгілі, көрікті жерлері орналасатын болады. Панораманың орталық бөлігінде астананың динамикасы жаяу жүргін, велосипедшілер және басқа көптеген детальдар түрінде көрсетіледі, көрушілер оны аса қызыға қарайтын болады.
Бұдан басқа, Астананың көркем экспозициялы екі төбешікті 3D Панорамасы бар ядро айналасында рекреациялы зона, жол желілері, жаяу жүргіндер жолы, керемет маф, классикалық шамдар, орындықтар, скульптуралық композициялар, балалар алаңы, рельефті төбелер орналасады.
Саябақ қолдан жасалған, ені -3,5 метр, тереңдігі 50 см Есіл өзенінің жағасына барып тіреледі. Каналда сумен қамтамасыз ету жүйесі болады, ол ағып жатады және нағыз өзеннің бейнесін береді. Өзен арқылы көпірлер тасталады, ол саябақты қызықты элементтермен толықтыра түседі.
Айта ету керек, «Астана» саябағы өте тиімді көгалдандырылады. Ландщафтты дизайн автоматты суару жүйесімен жарақтандырылады.