28 шіл, 2023 сағат 13:41

Ақтөбеде анасы мен баласы пәтерден өлі табылды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Ақтөбеде жеке пәтерден әйел адам мен баласының мәйіті табылды, деп хабарлайды "Диапазон" порталы.

Ақтөбеде 8-шағын аудандағы көпқабатты үйдің тұрғындары жағымсыз иіс шыққанын айтып, полицияға шағымданған. Шақырту орнына келген құқық қорғау органдары қызметкерлері пәтерден екі мәйітті тапқан.

"23 шілдеде Ақтөбе қаласының пәтерлерінің бірінен 75 жастағы әйел мен оның 44 жастағы ұлының мәйіті табылды. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - деді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.

Анықталғандай, пәтер иесі мұғалім болған және жалғыз тұрған. 44 жастағы ұлы анда-санда келіп жүрген.

Қазір пәтер мөрленген, ал көршілер бұл пәтерде дезинфекция жүргізуді сұрайды.