Фото: ашық дереккөз
Ақтөбе облысы прокуратурасы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында қала тұрғынының ішкі ағзаларын сатуға қатысты заңсыз мәміле жасауға тырысқаны туралы ақпаратты анықтады, деп хабарлайды Ult.kz.
2025 жылғы 30 сәуірде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері күдіктіні 15 млн теңге сомасына адамның ішкі органдарын сату әрекеті кезінде ұстады.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 116-бабы 1-бөлігіне сәйкес («Адамның ағзалары мен тіндерін алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою») сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тергеу жалғасып жатыр. Прокуратура азаматтарды мұндай заңсыз әрекеттерден аулақ болуға және заң бұзушылықтар туралы ақпаратты дереу хабарлауға шақырды.