26 шіл, 2024 сағат 11:46

Ақтөбеде 23.00-ден кейін үлкендерсіз көшеде жүрген 227 бала табылды


Фото: Ақтөбе облыстық ПД
Ақтөбеде 23.00-ден кейін үлкендерсіз көшеде жүрген 227 бала табылды, -деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

"Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалар мен жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйлерден тыс жерлерде ересектердің еріп жүруінсіз болуын болдырмау мақсатында 2024 жылғы 15-17 шілде аралығында Ақтөбе қаласында “Түнгі қаладағы балалар” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді", -деп хабарлайды Ақтөбе облысының полиция депортаменті.

​Шара барысында полицияға 259 жасөспірім жеткізілді, оның ішінде сағат 23.00-ден кейін үйден тыс жерде болғаны үшін 227 кәмелетке толмаған әкелінсе, оның 22-сі ойын-сауық орындарынан жеткізілді.

​Мысалы, ойын-сауық мекемелерін тексеру барысында 11-шағын ауданда орналасқан кафелердің бірінде 16 жасар жасөспірім ересектердің еріп жүруінсіз болғаны анықталды. Оның заңды өкіліне қатысты ҚР ӘҚБтК 442-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұдан басқа, мекеме әкімшісі ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

​Ювеналдық полиция профилактикалық есепке 34 адамды, оның ішінде 2 қараусыз және панасыз қалған адамды алды. Сондай-ақ, жасөспірім балаларды тәрбиелеумен айналыспайтын 4 қолайсыз отбасы бақылау есебіне алынды.