видеодан алынған кадр
Ақтөбе облысында адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.
"Оқиға 11 шілдеде сағат 12:30-да Ақтөбе-Орынбор автожолының 20 шақырымында ВАЗ-2111 және ВАЗ-2115 автокөліктерінің соқтығысуымен болды.
Салдарынан екі көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Үш жолаушы жедел түрде ауруханаға жеткізілді.
ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген хабарламада.