Фото: Polisia.kz
Ақтөбе облысында 16 шетелдік азамат ел шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған, – деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
"7 шілдеде Ақтөбе облысы полиция департаментінің қызметкерлері ҰҚКД Шекара қызметімен бірлескен іс-шаралар өткізу кезінде Ақтөбе облысының аумағында Қазақстан Республикасының шекарасын заңсыз кесіп өтуге тырысқан Үндістанның 16 азаматын анықтады. Олар Қазақстан арқылы Ресейге өтуді жоспарлаған.
Аталған шетелдіктер шағын транзиттік автобуспен Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірлері арқылы келе жатқан. Алдын алу іс-шараларының нәтижесінде ҚР заңнамасының бұзылуын уақытылы болдырмауға мүмкіндік туды" - делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Профилактикалық әңгімелесуден кейін шетелдіктер әрі қарай өз елдеріне қайтару үшін бақылаумен Алматыға жіберілген.