23 мам, 2022 сағат 19:12

Ақтөбе облысында кішкентай қызды азғырғандарға сот үкімі шықты


Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған қыздың анасы мен онымен бірге тұрған адамға қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі diapazon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қыздың анасы 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Сот үкімімен кәмелетке толмаған қыздың анасы 9 жылға бас бостандығынан айырылды, ал бірге тұрған М. 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушылардың екеуі де педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметтерді атқару құқығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы 2-бөлігі (Кәмелетке толмағандарды азғындау) бойынша Ж.-ға және сол баптың 1-бөлігі бойынша оның серіктесіне қатысты істі қарады.

"Сот 2020 жылы 30 қазанда сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін М. есімді күдікті Ж.-ның 2012 жылы туған қызына зорлық-зомбылық көрсетпей, азғындық әрекеттер жасағанын анықтады. Ж. мен М.-ның кінәсі жәбірленушінің, заңды өкілдің, куәгерлердің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен, оқиға болған жерді тексеру хаттамасымен, тергеу экспериментімен дәлелденді", - делінген хабарламада.

Қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін жағдайлар анықталмады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.