Фото: Polisia.kz Telegram арнасы
Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған жүргізуші адам өліміне әкеліп соққан жол апатын жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"12 тамыз сағат 21:30 шамасында Мәртөк ауданы Сарыжар ауылында Әйтеке би көшесімен жүріп келе жатқан ВАЗ-21140 автокөлігінің 17 жастағы жүргізушісі жолдың жүріс бөлігінен өтіп бара жатқан 28 жастағы жаяу жүргінші мен екі кәмелетке толмаған баланы қағып кетті.
Салдарынан 3 жасар бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды, қалған екі жаяу жүргінші облыстық ауруханаға жатқызылды" - делінген хабарламада.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.