Фото: Pexels.com
Ақтөбе облысының Хромтау қаласында жантүршігерлік қылмыс жасалды. Жедел-іздестіру шаралары кезінде полиция ер адамның бөлшектелген денесін тапты, ал оның дене бөліктері бірнеше пакетке оралған. Ер адамның басы күдіктілердің бірінің мұздатқышынан табылған. Бұл туралы "Мой город" басылымы хабарлады.
Қаза тапқан адам бір ай бұрын жоғалған Хромтау қаласының тұрғыны екені анықталды. Актөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Екі күдікті ұсталып, олар екі айға қамауға алынған. Тергеу барысында күдіктілер тергеу изоляторында болады.
"Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жалғасуда", – деп мәлімдеді полиция өкілдері.