16 нау, 2023 сағат 20:48

Ақтөбе облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды


Ақтөбе облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.

"Күдіктілер қорқыту арқылы кәсіпкерден бірнеше рет 2 млн теңге сомасында ақша қаражатын бопсалағаны анықталды. Тексеру кезінде олардың біреуінен 900 мың теңге тәркіленді.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігі "Бопсалау" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды" - делінген хабарламада.

Күдіктілердің үшеуі ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде ұсталып, қамауға алынған.