27 қарашада шекара қызметі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің жасағы «Жамбыл» шекара бөлімшесінің учаскесінде елікті заңсыз атумен айналысқан бір топ адамды ұстады. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.
Кейін анықталғаны - 24 қараша күні Т. атты азамат өзінің достарын, Ақтөбе қаласының тұрғындарын аң аулауға шақырған.
Аталған топ 3 автокөлікпен 6 елікті атқан.
Көлікті тексеру кезінде елік ұшасы мен 8 қару табылды.
Ұсталғандар Әйтеке би аудандық полиция бөлімшесіне тапсырылды.
Қазақстанда 18-20 мың елік бар, оларды аулау тек лицензия бойынша жүргізіледі.
Аналықтар әдетте 9 айда өте әдемі, терісінде дақтары бар екі текшені өмірге әкеледі.
Олардың өмір сүру ұзақтығы - 12 жылға дейін ғана.