Ақтөбе облысында автобус аударылып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz Telegram-арнасы.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 қазан Ақжар ауылының маңындағы Самара - Шымкент автожолында Setra жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Автобус жүргізушісі көлікті сол жақ кюветке аударып алған.
Автобуста 52 жолаушы отырған, оның бәрі - жергілікті күзет агенттігінің қызметкерлері. Оқиға салдарынан 9 жолаушы түрлі дене жарақатын алып, Хромтаудағы орталық ауруханаға жеткізілген.