21 шілде күні Ақтөбе облысы әкімі Бердібек Сапарбаев Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы жаяу жүргіншілер құрылысының жобасымен танысты.
Атап өтейік, аймақ басшысының тапсырмасы бойынша «Қала адамдар үшін» тұжырымдамасын әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылды, оның бағыттарының бірі «Қоршауы жоқ қала». Жобаның бірінші кезеңінде жаяу жүргіншілер аймағын Ә.Молдағұлова даңғылынан Әбілқайыр хан даңғылы бойымен облыс әкімдігінен әрі қарай Абай бульварына жалғастыру жоспарланып отыр.
Атап айтқанда, жобада көшені жөндеу және абаттандыру, орындықтар орнату, жасыл кеңістік, авторлық шағын сәулет нысандары, құрғақ фонтандар, жарық шамдар орнату, ойын және спорт алаңдарын салуды қамтиды.
- Болашақта жақсы жабдықталған жаяу жүргіншілер аймағы қала тұрғындары мен қонақтарына демалу үшін ыңғайлы орын болады, - деді Бердібек Сапарбаев.
Сондай-ақ қала әкімі Ілияс Испанов жобаның әлеуметтік маңыздылығы туралы жоспарланған жүргіншілер аймағының аумағындағы ғимараттар иелерімен насихаттау жұмыстары жүргізілгендігі туралы баяндады.
Атап өту керек, жоба Астана және Алматы қалаларының тәжірибесін ескере отырып, осындай жаяу жүргіншілер аймақтарын құру азаматтардың оң қолдауларының нәтижесінде жүзеге асырылатын болады.