Фото:gov.kz
Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың өкімімен, ҚР Президент әкімшілігі және қала мәслихатының келісімімен Ақтөбе қаласының әкімі болып Мұрат Жүребеков тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бүгін шаһардың жаңа әкімін қала активіне өңір басшысы таныстырды.
Мұрат Жөребеков 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, «Strathclyde» университетін (Шотландия, Глазго қ.), «Басқарушы қызметкерлерге арналған бағдарлама» мамандығы бойынша Гарвард бизнес мектебін (АҚШ, Бостон қ.), 2019 жылы Қазақ-Британ техникалық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2001 жылы «ҚазТрансГаз» ЖАҚ Қарашығанақ жобасы бойынша департаменттің бюджеттік бақылау жөніндегі бас маманы ретінде бастаған. Түрлі жылдары «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ, Лондон қаласындағы «Аджип ККО», «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «PSA» ЖШС қызмет еткен.
2019 жылғы шілдеден желтоқсанға дейін – ҚР энергетика вице-министрі, 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР бірінші энергетика вице-министрі қызметін атқарған.