Серікжан Еншібайұлы – 2021 жылдың 11 маусым күні Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бұйрығымен Ақтөбе облысының Бас имамы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі.
Облыстың Бас имамы тағайындалған бір жыл ішінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен Ақтөбе өңірінде «Қиындықта ел бірге», «Алтын құрсақты батыр ана», «Өмірге үміт сыйла», «Қолма қол», «Раббың үшін құрбал шал», «Қайырымды жұма», «Жылулық сыйла», «Үміт сыйла сәбиге», «Берекелі Рамазан», «Ауызашар қоржыны», «Рамазан тәттісі», «Рамазан қоржыны» т.б акциялар аясында 1214 шара ұйымдастырылып, облысқа қарасты 13 мешіт (жөндеу жұмыстары жасалып, дыбыс күшейткіш құрылғылары алынды) пен 177 357 отбасыға 249 055 509 теңгеге қайырымдылық (қаржылай, азық-түліктей, құрбандық еттерімен, ауыз ашар және сәресі) жұмыстары жасалынды.
Сонымен қатар «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 6 шара ұйымдастырылып, 12 отбасыға 60 100 000 теңгеге пәтер берілді.
Одан өзге Ақтөбе қаласындағы Алматы ауданы, Қарғалы ауылында 5 миллионнан аса қаржыға «Мөңке би» атындағы жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір ашылды.
Бас имам республикалық, облыстық БАҚ өкілдеріне 76 сұхбат беріп, 27 мақаласы жарық көрді. Ал өкілдіктің youtube каналына 60 видео-уағызы шықты. Бас имам Серікжан Еншібайұлының бастамасымен 2021 жылдың тамыз айынын бастап «Ғибрат» жобасы іске қосылып, өкілдіктің инстаграм парақшасында тікелей эфирде 29 сұхбат өтті.
Діни басқарманың республикалық «Munara.tv» теларнасының Ақтөбеде бөлімшесі наурыз айында ашылып, Рамазан айында көрерменге телеөнімдер ұсынылды.