Фото: Мой ГОРОД
Ақтөбе-Астрахань тасжолында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан әйел адам мен оның үш жасар баласы қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Ақтөбе-Астрахань тасжолының 248-шақырымында болған. 20 мамырға қараған түні Байғанин ауданының 40 жастағы тұрғыны отбасымен Renault Duster маркалы көлігімен келе жатып жол шетінде тұрған IVEKO жүк көлігіне соқтығысқан. Салдарынан 41 жастағы әйел мен үш жасар қыз оқиға орнында қаза тапты.
"Ер адам мен 2005 жылы туған ұлы Байғанин ауданындағы орталық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді", - деді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.