Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань бағытындағы жолдың бір бөлігін еріген қар суы шайып кетті. Салдарынан қозғалыс уақытша тоқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазавтожолдың" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"3 сәуірде сағат 17:30-да республикалық маңызы бар А-27 Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астрахань қаласына дейін) тасжолының 79-шақырымында, Табантал көпірін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін учаскеде еріген қар суына байланысты су тасқыны болды", - деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
Бірақ салынып жатқан көпірдің тіректеріне зақым келмегені атап өтілді.