Ақтөбеде әкімдік маңында болған атыстан бір адам зардап шекті, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz порталы жергілікті "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.
Instagram желісіндегі aktobe_zello парақшасында 11 наурызда кешкі уақытта Ақтөбе әкімдігінде атыс болғаны айтылады.
Басылымның мәліметінше, ер адамның бірі тапаншамен оқ атқан. Зардап шеккен ер адам ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта полиция ер адамға оқ атқанды іздестіріп жатыр.
Ақтөбе облыстық ІІД мәліметінше, травматикалық қарудан оқ атылған.