Ақтауда жүргізуші екі бойжеткенді кабриолет капотына отырғызып қыдыртты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Маңғыстау облыстық полиция департаментінің Instagram-дағы аккаунтына сілтеме жасап.
24 қыркүйек күні қала көшелерінде кезекшілік жүргізген Ақтау қаласының полиция басқармасы «Мираж-2» патрульдік қызмет батальонының қызметкерлері капотына екі бойжеткен отырып, қозғалып келе жатқан.
«Mercedes-Benz» көлігін байқады. Бұл ретте полиция департаментінің аккаунтында салынған видеода бір бойжеткеннің жолда қозғалып келе жатқан көліктің капотына жүгіріп келіп секіргені көрініп тұр.