Сурет: lada.kz
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының маманы Сайөтес ауданындағы тасжолда жол апатынан зардап шеккен екі адамның жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі lada.kz порталына сілтеме жасап.
Дәрігерлердің айтуынша, жол апатынан зардап шеккендердің бірі комадан шыққан, ол жансақтау бөлімінде жатыр. Бұрын оның жағдайы өте ауыр деп бағаланған еді, сондай-ақ, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған болатын. Ал жамбас сүйегі жарақаттанған екінші адамның жағдайы тұрақты екені айтылды.