Сурет: lada.kz
Ақтауда жұмысшы оқыс жағдайда қаза тапты. Қайғылы оқиға 23-шағынауданда болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі lada.kz порталына сілтеме жасап.
8 маусымда "КЖСА" МКК қызметкерлері 23-шағынаудандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ғимараты маңында жылу жүйесіне жөндеу жұмыстарын жүргізген. Осы мекеме қызметкерлерінің біріне кірпіш қабырға құлап кеткен.