12 қыр, 2019 сағат 11:15

Ақтауда жол апатынан 12 адам зардап шекті

«Ақтау-Жаңаөзен» тас жолының 60-шақырымында жолаушылар мінген Газель көлігі Ravon Nexia жеңіл автомобилімен соқтығысып, 12 адам зардап шекті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жолаушылардың 3-еуі - травмотолгия, біреуі - жансақтау бөлімінде жатыр. 

«12 адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Кезекші дәрігерлер мен хирургтар, травмотологтар дереу оларды қарап шықты. 8 адам амбулаториялық емдеуге жіберілді. Бір жолаушы ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Ол басынан соққы алған. Кеуде тұсынан жарақаттанған»,-дейді МО хирургия бөлімінің жетекшісі Сағат Бітімов. 

Ал, жеңіл көліктегі 4 адам дін аман. МО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты жеңіл көлік жүргізушісінің жылдамдықты арттыруынан болған. 

«Ravon Nexia көлігінің жүргізушісіне ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 610-бабы бойынша хаттама толтырылды» делінген хабарламада.