09 қыр, 2023 сағат 16:27

Ақтауда жасөспірімдер жаппай төбелес шығарған


Ақтауда жасөспірімдер жаппай төбелес шығарған, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

ПД мәліметінше, 8 қыркүйекте сағат 23:08 шамасында 102 кезекші пультіне 27-шағынауданда 15 кәмелетке толмаған жасөспірімнің арасында төбелес шыққаны туралы ақпарат түскен.

Шақыртуға патрульдік полиция жасақтары барған.

"Бұл дерек бойынша Ақтау полиция басқармасына 20 кәмелетке толмаған бала жеке бастары анықталып, жеткізілді. Олардың заңды өкілдеріне ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 435, 442-баптары бойынша әкімшілік хаттамалар жасақталды. Сондай-ақ, профилактикалық әңгіме жүргізілді", - делінген хабарламада.