Ақтауда жас бала жүргізген көлік апатқа ұшырады. Бұл туралы lada.kz хабарлайды.
Осы дерек бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс материалдары Ақтаудың кәмелетке толмағандар істері бөліміне жіберілді.
Оқыс оқиға №33 шағын ауданда, Назарбаев Зияткерлік мектебінің алдында болған. Екі бала мінген жол талғамайтын көлік Daewoo Nexia маркалы жеңіл көлікті барып соққан.
Куәгерлердің айтуынша, балалар оған дейін бес шақырымдай жол жүрген.
Облыстың полиция департаменті осы дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612-бабының 2 және 5-бөлігі бойынша хаттама толтырылғанын мәлімдеді.
Көлік айып алаңына қойылды.