Ақтауда студенттер төбелесті. Олардың осы видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Құқық қорғау органдары оқиға орнына барып, төбелеске қатысқандарды, олардың қай оқу орнының студенттері екендігін анықтауда.
Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалға қатысқан 3 адамның «Болашақ» колледжінің студенті екені белгілі болды.
«Оқиға жан-жақты тексеріліп жатыр. Іс әкімшілік пе әлде қылмыстық па, оны тергеу үстіндеміз. Анық-қанығы белгілі болған соң тиісті шара қолданылады», - дейді Ақтау қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Қалдымұрат Айғарақов.