06 жел, 2022 сағат 14:14

Ақтауда ыстық су әлі жоқ: әкімдік пікір білдірді

Фото:elements.envato.com

Ақтау әкімдігі қаладағы ыстық суға қатысты жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі "Ладаға" сілтеме жасап.

Әкімдік мәліметінше, қазір жағдай тұрақты. Түнгі уақытта жылу желілерінде апат болған жоқ. Ақтауда ыстық су беру қалпына келген жоқ.

"Қазіргі уақытта кейбір шағынаудандарда жылудың жоқтығына қатысты шағымдар бар. Себептерді жою және жылу жүйелерін реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді қала әкімдігі.

Сондай-ақ, әкімдік өкілдері әр мекенжай бойынша жеке тексеріс жүргізіліп жатқанын, қаланың 60 пайызында пәтерлерде ішкі жылу жүйесіне өзгерістер енгізілгенін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысының әкімі облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекбол Орынбасаровқа, қала әкімі Ербол Ізбергеновке, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бердібек Қартбаевқа, "МАЭК" бас директоры Талғат Есентүгелов пен оның орынбасары Мұрат Игалиевке сөгіс жариялаған болатын.