Фото: facebook.com/azamat.sarsenbaev
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісіндегі бетон төбе опырылып, бір адам көз жұмды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға бүгін болған. Салдарынан бір адам қаза тауып, зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілген.
"Бір ер адамды құтқару мүмкін болмады. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Тағы екі адам ауруханаға жеткізілді. Олар медициналық тексеруден өтіп жатыр", - деді Маңғыстау облысы көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі.
Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер мердігер компания қызметкерлері екені белгілі болды. Ер адамдар бетон төбені бөлшектеп бұзып жатқан.