Фото: Polisia.kz
Ақтау полициясы кәмелетке толмаған балаларды өлтірді деген күдікпен олардың әкесін ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ Telegram-арнасына сілтеме жасап.
"Ақтаудағы 27-шағынауданда орналасқан пәтерден зорлықпен өлім белгілері бар жасөспірімдер табылған. Полиция қызметкерлері 2011, 2014 және 2016 жылы туған кәмелетке толмаған балаларды өлтірді деген күдік бойынша 36 жастағы әкесін ұстады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр" - делінген хабарламада.