Әлеуметтік желілерде такси жүргізушісі мен жолаушы әйел арасындағы жанжалдың видеосы тараған болатын. Жанжал шығарған әйел психоневрологиялық диспансерде есепте тұрады, сондықтан ол жауапкершілікке тартылмайды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Өңір полициясы 22 мамырда сағат 08:30-да "102" кезекші пультіне 12-шағынаудан 31-үй маңында жолаушы мен такси жүргізушісі арасындағы жанжал туындағаны туралы қоңырау түскенін хабарлады.
"59 жастағы әйел психоневрологиялық диспансерде есепте тұр, ол әкімшілік немесе өзге де жауапкершілікке тартылмайды. Әйел денсаулық сақтау мекемесіне жіберіледі, - делінген ведомство мәлімдемесінде.