Ақтауда полиция көлігінің басқа көлікпен соқтығысқан сәті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.
Жол апаты 10 қазанға қараған түні 11, 12 және 12а ықшамаудандарының қиылысында "Мечта" сауда үйінің маңында сағат 02.00 шамасында болған. Жол апаты бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрларда полиция көлігінің басқа көлікке соғылғаны көрінеді.
Басылым мәліметінше, екінші көліктің жүргізушісі зардап шеккен.