07 мау, 2022 сағат 10:47

Ақтауда краннан аққан көгілдір су жұртты шошытты


Ақтауда краннан аққан көгілдір түсті су жұртты шошытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі "Лада" сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, оқиға 6 маусымда болған. 17-шағынаудандағы 93-үй тұрғындарының айтуынша, краннан мөлдір ауыз су орнына көгілдір су аққан. Мұны көрген тұрғындар аң-таң болған.

Видео кадрларында краннан белгісіз көк түсті сұйықтық ағып тұрғаны көрінеді.


"Біз тіпті судың сарғыш немесе лай болып келетініне үйреніп қалғанбыз, бірақ судың мұндай түсін бірінші рет көріп отырмыз. Көгілдір сұйықтық краннан жарты сағаттай ағып тұрды да қайтадан түсі ақ болып өзгерді", - деп шағымданды Ақтау тұрғыны.

Әйелдің айтуынша, сұйықтықтан сабын иісі шыққан. Оқиғаның себебін тілшілер коммуналдық қызметтен анықтап жатыр.