видео кадрлары
Ақтауда ер адамның үстіне тұрғын үйдің алтыншы қабатынан диван құлады. Зардап шеккен адамның мойын омыртқасы сынған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан порталы InAktau сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 12 қаңтарда күндіз болған. Тұрғындардың бірі диванды алтыншы қабаттан лақтырып жіберген. Ауыр жиһаз сол маңнан өтіп бара жатқан 39 жастағы ер адамның үстіне түскен.
"Ол жерде 11 баласы бар көпбалалы отбасы тұрады дейді. Шамамен, оқиға болған уақытта 12-13 жастағы жасөспірімді байқапты. Ал ата-анасы үйде болмаған. Біз диванды лақтырған сәтті көрген куәгерлерді іздеп жатырмыз. +7702 811 03 82 нөміріне хабарласуға болады", - дейді зардап шеккен ер адамның бауыры Аман.
Қазір 39 жастағы ер адам Маңғыстау облыстық ауруханасында жатыр. Туыстарының айтуынша, оның мойын омыртқасы сынған, қол-аяғы істемейді.
"Полиция қызметкерлері тек кешке қарай келді", - дейді бауыры.