Фото: © inaktau.kz
Ақтауда бір-біріне жақын тұрған екі демалыс базасында ер адам мен жасөспірім қыз суға батып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Лада" порталына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 20 тамызда сағат 11:47-де "Монтажник" демалыс аймағында 14 жастағы қыз суға батып кетті. Оқиға орнына жедел жәрдем барды. Жасөспірім есін жимастан қайтыс болды.
Ал жақын жерде орналасқан "Бриз" демалыс базасында 36 жастағы ер адам көз жұмды. Куәгерлер оны жағаға шығарып, алғашқы көмек те көрсеткен. Бірақ ажалдан аман алып қала алмады. Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қайтыс болған ер адамның артында бес баласы қалды.
Екі адам да дәрігерлер келгенше көз жұмған.
Полиция тергеу шараларын бастады.