Оқыс оқиға бүгін таңертең «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ ғимаратының алдында болған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Маңғыстау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ғимарат алдындағы брусчатканың астында кәріз құдығы (люк) болған.
«Кәріз құдығынан су атылған. Жер су болып, шұңқыр пайда болған. Көлік жүргізушісі оны байқамай, дөңгелегі сол шұңқырға түсіп кеткен. Осылайша, қатты салмақты көтермегендіктен брусчатка опырылып кеткен. Жүргізуші компанияда қызмет етеді», делінген хабарламада.
Айта кетейік, көлік иесі құқық қорғау органдарына шағымданбаған.