Ақтау тұрғыны теңіз жағасына шығып қалған итбалықты видеоға түсіріп алған. Видеода балалар жануарды қоршап, оған тас лақтырғаны көрінеді, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы lada.kz сатйына сілтеме жасап.
Кадрлардан адамдар жануарды қоршап алғанын көруге болады. Видеоны түсірген әйел итбалықтың суға оралмайтынын айтады. Ол мұны айтып жатқан кезде, бала итбалыққа тас лақтырған. Ол алдымен кішкентай тас, кейінірек үлкен тас лақтырған.
Басылым мәліметінше, тұрғындар осы итбалықты бір күн бұрын видеоға түсіріп алған. Жануар күн сәулесінде шамамен 40 минут болып, содан кейін суға оралып, жүзіп кеткен. Кадрларда итбалық демалушыларды шошытпағаны байқалады. Жануардың өзі де демалушылардан қорықпаған.