08 мау, 2023 сағат 16:45

Ақтауда Каспий теңізінің тартылуына байланысты төтенше жағдай жарияланды

Фото: lada.kz

Ақтауда Каспий теңізінің тартылуына байланысты төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"7 маусым сағат 15:00-де Каспий теңізінің тартылуына байланысты орын алуы мүмкін төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Ақтау қаласы ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. 

Нәтижесінде жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешім қабылданды.  

Бұл шешім "МАЭК" ЖШС жұмысына әсер етпейді, тұрғындарды электрмен және сумен жабдықтау штаттық режимде жүзеге асырылады" - делінген хабарламада.