09 мау, 2022 сағат 17:16

Ақтауда кәрізден шала туған бала өлі табылды


Ақтауда шала туған нәресте кәрізден табылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бүгін сағат 11:51-де 102 кезекші пультіне 32 шағынауданда кәрізден сәби табылғаны туралы ақпарат келіп түскен. Шала туған балаға шамамен 3-4 ай болған.

"Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл факті ҚР ҚК 001-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді", - деп хабарлады Маңғыстау облысының Полиция департаменті.