Ақтауда қант тапшылығына байланысты супермаркетте болған дүрбелең видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.
Жергілікті блогер Азамат Сәрсенбаев Желіде видео жариялаған. Кадрлардан сауда залына қант сатылымға қойылғаны, адамдар тауарды алуға тырысып жатқаны көрінеді.