Ақтау қаласында көлік екі баланы қағып кетті. Олардың біреуі ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2022 жылы 29 қарашада сағат 13:15 шамасында 102 кезекші пультіне Ақтау қаласы 31"А" мен 31"Б" шағын аудандар аралығындағы тас жолда орын алған жол-көлік оқиғасы жөнінде хабарлама түсті.
"Nissan X-Terra" автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағы жоқ жерден өтіп келе жатқан 5 және 6 жастағы екі қызды қағып кеткен. Кәмелетке толмағандардың қасында жаяу жүргіншілер өткелінен өткен кезде бірінің анасы болған.
"Екі жасөспірім Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Бұл факт бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.