Фото: pixabay.com
Ақтауда бозбала 6-қабаттан секіріп, қайтыс болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" lada.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 2 мамырда болған. Полицияның кезекші бөліміне таңғы сағат 7:20-да хабарлама түскен.
"Жедел тергеу тобы оқиға орнына барды. Мән-жайды анықтау барысында жас жігіттің 6-қабаттан құлағаны белгілі болды.
Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») бойынша Ақтау полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпарат жарияланбайды", - делінген хабарламада.
Расталмаған ақпарат бойынша, марқұм 16 жаста болған.