Ақтауда автобус дөңгелексіз жолаушы тасымалдады. Көлік бірден қала тұрғындарының назарын аударды. Ал, оның видеосы желіде тарады, деп хабарлайды Sputnik.
104 бағдарлы автобус қалада артқы бір дөңгелексіз жүрген.
Полиция департаменті жүргізушінің жеке тұлғасы анықталғанын хабарлады. Көлікті пайдалану ережесін бұзғаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексінің 590-бабының 10-бөлігі бойынша оған қатысты хаттама толтырылды. Бұл құқықбұзушылық үшін 20 айлық есептік көрсеткіш, яғни 61 260 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған, деп жазды Lada.kz өңірлік басылымы.
Техникалық ақауы бар автобусты пайдаланғаны үшін жауапты тұлғаларға ҚР ӘҚК 617-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылады.
Бұл жаза лауазымды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – 10, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 20, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды қарастырады.