17 мам, 2022 сағат 16:02

Ақтауда жоғалған сарбаз табылды


"Батыс" өңірлік қолбасшылығы Ақтауда жоғалған сарбаздың табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

14 мамырда Ақтау қаласында патрульдік қызметке шыққан сарбаз Бағлан Әділбеков жиналатын орынға қайтпаған. Ол өз еркімен полицияға келді.

"17 мамырда шамамен сағат 07.15-те 6656 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Әділбеков өз еркімен Ақтау қаласының полиция бекетіне келді. Ол ата-анасымен кездескен", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетері, кеше Әділбековтың жоғалғаны туралы ақпарат шықты. Ресми мәліметке сәйкес, ол 14 мамыр күні қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге шыққан. Бірақ кешке қарай әскери жасақтардың жиналу және әскери бөлімге кету орнына келмеген. Қатардағы жауынгер Б.Әділбеков 2021 жылдың маусым айында Ақтөбе қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінен шақырылған.