Ақтаудағы шағын аудандардың бірінде асфальт опырылып түсті, деп хабарлады Sputnik агенттігі "Ақтау-Лада" сайтына сілтеме жасап.
Үлкен шұңқырды жергілікті тұрғындар видеоға түсіріп алған.
Ол 21-ші шағын аудандағы "Строитель" гараж-құрылыс кооперативі жанындағы доңғалақ жөндеу сервисінің жанында пайда болған. Видео 26 наурызда түсірілген.
Бұл жағдайға "КЖСА" директорының орынбасары Ислям Үсенов түсініктеме берді.
"Ол жерде кәріз коллекторы жарылып, салдарынан асфальт опырылып түсті. Қазіргі уақытта периметр бойынша қоршаулар орнатылды. Жөндеу жүргіземіз", - деп уәде берді Ислям Үсенов.
Оның айтуынша, жолдың бір бөлігінің опырылуы салдарынан зардап шеккендер жоқ.