видеодан алынған кадр
Ақтауда полицейлер үйдің шатырынан секірмек болған 17 жастағы қызды құтқарып қалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" POLICE_of_KZ Telegram-арнасына сілтеме жасап.
22 мамырда полиция инспекторлары Исламбек Шаржан мен Әзімбек Саттар, патрульдік полицейлер Ғалым Қожамұратов пен Руслан Жұмабаев жедел шақырту бойынша 27 шағынаудан мекенжайына барған.
"Шатырға көтерілген полицейлер қыздың төменге секіруіне жол бермей, оны ұстап қалып, отырған жерінен қауіпсіз жерге түсіріп алды", - делінген хабарламада.
Полицейлер оқиға орнына жедел жәрдем шақырған.
Жасөспірім кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспекторға тапсырылды.