Ақтауда 12-шағынаудан мен 27-шағынаудан арасындағы жолда 12 жасар баланы көлік қағып кетті,-деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Оқыс оқиға «Мечта» сауда орнының жанында болған. МО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен 12 жастағы бала дереу ауруханаға жеткізілген.
Дәрігерлер оған жабық-ми жарақаты, 2-дәрежелі травматикалық шок, ішкі құрылысының жарақаттануы сияқты диагноз қойған. Қазір ол Маңғыстау облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.